Астана қаласы

Қабанбай батыр көшесі 8.

Электронды почта:

qazsamgau@mail.ru

Жұмыс уақыты

ДҮ-Сенбі: 9:30 дан 17.50

Заголовок

Autem vel eum iriure dolor in hendrerit in vulputate velit esse molestie consequat, vel illum dolore eu feugiat nulla facilisis at vero eros et dolore feugait

Педагогтар біліктілігін арттыру – уақыт талабы

Қоғам дамуында балабақша, мектеп, колледж және жоғары оқу маңызды рөл атқаратыны айтпаса да түсінікті. Осыған байланысты алдымызда педагогтардың кәсіби-тұлғалық келбетін толыққанды қа­лыптастырудың іргелі міндеттері тұр. Өйткені, бүгінгідей жаһандану үрдісінде ескі әдіс-тәсілдерді қол­дану тоқырауға ұрындырады, ал жаңашылдыққа ілесу өте қиын. Педагог курстық даярлықтан жоғары оқу орнын тәмамдаған соң үш-бес жылдан кейін ғана өтетінін ескерсек, проблемаларды кешенді түрде шешу арқылы ғана табанды нәтижелерге жете аларымыз анық. Осы тұрғыдан әңгіме қозғайтын болсақ, педагогтар қоғамда кәсіби құзыреттілігімен, азаматтық белсенділігімен, сая­си сауаттылығымен, көшбас­шы­лы­ғымен, «зияткерлік адал­ды­ғы­мен» ерекшеленуі тиіс. Бү­гінгі күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алға қойып отырған басты талабы осы. Биылғы оқу жылы ұстаздар қауымы үшін өзгеше леп-тыныспен басталды. Біріншіден, білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Екін­шіден, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары нақты талаптар қойып отыр. Үшіншіден, жалпы білім беру мектептеріне «Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері» дербес білім беру ұйым­дары тәжі­рибесін жүйелі-бейім­деп тарату және білім беру маз­мұнын жаңарту жағдайында жұмыс атқарудамыз. Білім жүйе­­сіндегі барлық жаңарудың тұ­жырымдамалық негізі – Қазақ­стан халқын біріктіретін жал­пыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы.

Сала жүйесі мазмұнының өзгеруі педагогтардың кәсіби-бағдарлық білімін арттыруға бағытталған. Осы­ған орай білік­тілікті арттыруда тікелей оқы­тудан жеке байланыс арқылы білім жүйесіне ауысу өз жемі­сін беретініне сенімдіміз. Педа­гогтардың кәсіби дағдысын да­мыту үшін филиал оқытушылары корпоративтік және ұжымдық оқыту, белгілі ортамен жағымды әрекеттестік, оқу әрекетін жеке құру мен өзіндік дамытуды үйрету, ментальды карт пен портфолио, тағы басқа технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл әдістемелер заманауи білім берудің сұраныстарына сай мұғалім мен оқушы тұлғасының эмоциялық көңіл-күйін, ойлау мен есте сақтауын өмірлік және әлеу­мет­тік дағдылармен біріктіруге зор мүм­кіндіктер береді. Мұндай ізденістер елімізде білім беру маз­­­мұнын жаңарту бойынша ен­гізіліп жатқан айлық курстарда жү­йелі қарастырылады. Жалпы білім беретін және коррекциялық мектептерден 75 педагог-психо­лог осындай даярлықтардан өтті. Тағы бір атап өтетін жайт, бі­лім беру мазмұнын жаңарту шең­бе­рінде ұйымдастырылатын дәс­түрлі 2 апталық курстар екі есе­ге ұзартылатын болады. Ол үшін «Назарбаев зияткерлік мек­те­бі» педагогикалық шеберлік орта­лы­ғында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы оқы­тушылары арасынан 264 тренер дайындалды, оның 13-і біздің филиалдан. Сонымен қатар, біздің бөлімшеге білім беру мазмұнын жаңарту бойынша биология, химия мұғалімдеріне арналған курс бағдарламасын әзірлеу сеніп тапсырылды.

Филиалда жобаларды көпшілік алдында қорғау тәжірибесі де жиі қолданылады. Мұның өзі тың­даушылардың инновациялық-зерт­теушілік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Осы мақсатпен Ре­сейдің Санкт-Петербург қала­сындағы пе­дагогикалық білім беру академиясымен, Мәскеу ашық білім беру институтымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі таңда 50 мұғалім «Назар­баев зияткерлік мектебі» педа­го­гикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бі­лім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарламалар бойынша курстық даярлықтан өту­де. Аталмыш курстың бас­ты өзге­шелігі – мұғалімдерді оқы­ту нәтижесі бойынша ал­ғаш рет тәу­елсіз сараптама ен­гізілуінде. Бұл курстарды облыстан 1485 мұғалім бітірді. Оларға оқыту үдерісіне жаңа әдістер мен технологияларды енгізу, оқушыларға сапалы білім беру сияқты талаптар жүктеліп отыр. Қазақстан Республикасы бі­лім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасының PISA халықаралық салыстырмалы зерт­теуінде оқушылардың жоғары нә­тижеге қол жеткізу бойынша көр­сеткіштерді орындау үшін 832 сол­түстікқазақстандық мұғалім өз біліктіліктерін жетілдірді. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 1125 педагог кәсіби шеберлігін арттырса, жыл соңына дейін тағы 525 ұстаз осындай даярлықтан өтеді. Бюджеттік курстармен қатар филиал шарт негізінде де жұмыс істейді. Есіл, Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Уәлиханов, Мам­лют, Тайынша, Мағ­жан Жұ­мабаев және Ғабит Мү­сірепов атындағы аудандарда көш­пелі курстар ұйымдастырылып, 539 мұғалім қамтылды. Тағы бір жаңа­шылдығымыз – білім беру ұй­ым­дарының педагогикалық ұжы­­­мына корпоративтік курстар өт­кізу. Аталмыш курстар Мағжан Жұ­мабаев ауданының Возвышенка, Есіл ауданының Ильинка, Петро­павл қаласының №2, №4 орта мек­тептерінде, медициналық колледжде, Мамлют санаторий мектеп-интернатында ұйымдастырылды.

Ұлт жоспарының 89-қадамына сәйкес қазіргі уақытта «2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы» жобасы қарастырылуда. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және адами капиталды дамыту үшін Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде үштілділікті оқытуды кезең-кезеңмен енгізу қамтамасыз етіледі. Ол бойынша жоғары сыныптарда жара­тылыс­тану-математикалық ба­ғыттағы (физика, биология, химия, ақпараттық-коммуникативтік технология) пән­­дерді ағылшын тілінде оқыту мақ­саты тұр.

Облыстық педагогикалық қыз­меткерлердің біліктілігін арттыру институты еліміздегі 17 фи­лиалдың арасында тоқсан сайын өткізілетін рейтинг нәтижесі бойынша 2014 жылдың соңғы тоқсанында – 2-ші, биыл бірінші жартыжылдықта 1-ші орынды жеңіп алуы жұмысымыздың жемісін көрсетсе керек.

Ұлы ойшыл Конфуцийдің: «Ес­кіден қол үзбей-ақ жаңалықты аша білген ғана жақсы мұғалім болады», деген сөзі бүгінгі білік­тілікті арттыру жүйесіне сай келеді. Заманға сай біліктілікті арттыру мақсатында білім беруді жаңарту үдерісін үзілді-кесілді нұсқаулыққа және жалаң ұранға айналдырмай, қарқынды және қызықты, мазмұнды жұмыспен толықтыру маңызды.

Алма МЫРЗАЛИНОВА,

Солтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

 ПЕТРОПАВЛ.

Дереккөз: «Егемен Қазақстан» газеті

renessan

Оставить ответ