Астана қаласы

Қабанбай батыр көшесі 8.

Электронды почта:

qazsamgau@mail.ru

Жұмыс уақыты

ДҮ-Сенбі: 9:30 дан 17.50

"САМҒАУ"

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖƏНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ.

Архив рубрики Жаңалықтар

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби шеберлікті арттыру» республикалық педагогикалық конференциясы өтеді

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби шеберлікті арттыру» республикалық педагогикалық конференцияның өткізілуі туралы

 

Ақпараттық хат

 

Конференция өтетін орын:

Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №89 мектеп-лицейі

Мұғалімдердің заман талабына сай кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыру мақсатындаТүркістан облысы,Шымкент қаласы ББ нің №89 мектеп-лицейінде өтетін орта білім беретін оқу орындарының арасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби шеберлікті арттыру» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясының
ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: Республика мұғалімдерінің технологияларын қолдану іс-тәжірибесімен бөлісуге, озық инновациялық ұсыныстар жасауға мотивациялау.
Міндеттері: 
— оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудағы белсенділікке, позитивті ұсыныстар жасауға, ғылыми ізденістерге мотивациялау;
— оқытушының шығармашылық қабілетін, зерттеушілік қабілетінің дамуына ықпал ету;

І. Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушы республикалық «Самғау» оқу орталығы басшысы Ақылжан Қарақойшим, орыс тілі пәні мұғалімі Жумабаева Татьяна Маратовна және «Мәңгілік ел ұстаздары» тобы .

1.1. Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыратын және өткізетін қала өкілдерінен ұйымдастыру комитеті құрылады.
1.2. Ұйымдастыру комитеті:
• ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырылуын жүзеге асырады және өткізілу мерзімін анықтайды;
• тапсырыстар мен ұсынылған материалдарды қабылдайды, қатысушылардың тізімін жасайды.
• тапсырылған жұмыстардың сараптамасын жасайды; қорытындысын шығарады;
• ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы туралы арнайы ақпараттарды барлық қатысушы мектептерге таратады, әлеуметтік желіге енгізеді.

Конференцияның өткізілу мерзімдері:

2.1. 2018 жылдың 20 қазанына дейін ұсыныстар және баяндамалардың, коучингтар мен шебер сыныптардың электрондық нұсқалары қабылданады.
2.2. Ғылыми-практикалық конференция 2 кезеңнен тұрады.

Өткізілу уақыты:

2018 жылдың

2 қараша күні баяндама, коучингтар, шебер сыныптар,

3,4 қараша күні  «Оқытуда критериалды бағалаудың практикалық маңыздылығы» тақырыбында ақылы курс өткізіледі.                        

 Мақсаты: бағалау жүйесінде және білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін пайдалану дағдыларын меңгеру.

Міндеті:  бағалау жүйесінің дәстүрлі және заманауи амалдарын салыстырмалы талдай алу дағдысын меңгерті;

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тәсілдерін қарастыру.

 Күтілетін нәтиже:

а)Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың жаңашылдығын түсінеді;

ә) Заман талабына сай бағалау формаларын үйренеді;

б) Әділ бағалаудың философиясын түсінеді;

в) Әділ бағалауға үйренеді;

г) Критериалды бағалауды жүргізудің жолдарын айқындайды

  1. Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар
    3.1. Ғылыми-практикалық конференцияның жинағына республиканың орта білім беру мекемелерінің ынта білдіруші барлық пән мұғалімдері материал жіберіп қатыса алады .
    3.2. тақырып бойынша оқылған жұмыстар, өткізілген шебер сыныптар, коучингтар көтермелеуге ие болады.
    3.3. Ұйымдастыру комитетінің қойған мақсаттары мен міндеттеріне сай келмейтін жұмыстарды ұйымдастыру комитеті қарамауына құқы бар.

 

Ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша дипломанттарды марапаттау 2018 жылдың 4 қарашасында өткізіледі.

 

  1. Ұсынылатын жұмыстардың тәртібі
    4.1. Ғылыми-практикалық конференцияның жинағына материал беремін деушілер ұсыныстар және баяндамалардың электрондық нұсқасын 2018 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады.
    Тапсырыста қатысушының аты-жөні, тегі, әкесінің аты, білім мекемесі, қызметі, мақаласының тақырыбы, телефон нөмірі, электронды поштасы (E-mail) толықтай көрсетілуі тиіс.
    4.2. Жұмыстар бір автордың атымен немесе шығармашылық топпен орындалуына да болады (2 адамнан артық емес).
    4.3. 2018 жылдың 20 қазанда әлеуметтік желіде ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың толық тізімі жарияланады.
    4.4. 2018 жылдың 15 қазанынына дейін ұйымдастыру комитетіне электронды пошта немесе электрондық тасығыш арқылы ұсынылатын жұмысты барлық талаптарға сәйкес дайындап, бөлек файлмен автор туралы қысқаша ақпарат (авторлар), бөлек файлда фотосурет жіберулері қажет.

 

  1. Ғылыми-практикалық конференцияның өткізілу тәртібі 

Конференцияда сөз алатындар.
5.1 2018 жылдың 2 қарашасында сағ.10:00-де көпшілік алдында оқу кезеңі басталады.

5.2. Әрбір қатысушы ұсынылған материалын 5-7 минут таныстырады.
5.3.Сараптау негізінде I, II, III дәрежелі дипломанттар анықталады, «ҚР ардагер ұстазы», «Ахмет Байтұрсынов» төсбелгісінің иегерлері анықталады.

5.4. Мектеп, аудандық, қалалық, облыстық ББ ұсыныс қағазы арқылы «Ахмет Байтұрсынов» төсбелгісін ақылы түрде алуға болады. ( 15 000 теңге)

 

3 -4 қарашада «Оқытуда критериалды бағалаудың практикалық маңыздылығы» тақырыбында ақылы оқу курсы басталады.  

(курс  мемлекеттік және ресми тілде өткізіледі.)

 

Курсқа  қатысу бағасы 12 000 тг.

Конференцияның барлық төлемін Каспий голдқа аударып, түбіртекті сұраныспен бірге электронды поштаға жіберу қажет.

Каспий голд: 5169 4931 3395 1270

Қарақойшиев Рахымжан Ақылжанұлы

ИИН 951010350883

 

Курсқа қатысушылар төмендегі үлгі бойынша кестені толтырып,  сұранысты aaylzhan@bk.ru  электронды мекен-жайына жіберуі қажет.

Аты-жөні Қызмет орны, мамандығы, электронды поштасы Байланыс  номері Оқыту тілі
1        

 

Жинаққа жіберілетін материалдарға

  1. Баяндамаға, коучингке, шебер сыныпқа қойылатын талаптар

6.1. Баяндама, коучинг, шебер сынып тақырыпқа сай, талдауымен, жұмыстың нәтижелілігімен үндес болуы шарт. Көрнекі құралдармен, бейне-фильм үлгісімен және тағы басқа жабдықтармен қамтылуына болады. Баяндама, коучинг,шебер сынып нақты, түсінікті тілмен сауатты жазылуы тиіс және автордың айқын көзқарасын білдіруі керек.
6.2. Баяндама коучинг, шебер сынып тақырыбы ұйымдастыру комитеті ұсынған тақырыпта қатаң сақталуы тиіс.
6.3. Егер баяндаманың коучингтің,шебер сыныптың ұсынылған формасы сақталмаса ол байқауға қатыстырылмайды.
6.4. Баяндама, коучинг,шебер сынып мынадай талаптар арқылы дайындалады:
• баяндама компьютерде теріледі Microsoft Office World (шрифт 14, 1,5 — аралық жол, сол жақтан – 3 см, оң жақтан – 1,5 см, жоғарыдан және төменнен – 2 см, сілтеме мәтін ішінде жасалынады, сыртқы бетінің шрифті – 16);
• баяндама құрылымы: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды (түйін),қосымша;
• Көлемі 5 беттен аспауы керек;
• мазмұнында беттің реті көрсетіледі;
• пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі;
қажет жағдайда баяндамаға қосымша материалдар ұсынуға болады: пікірлер, видео және аудио файлдар, иллюстрациялар (бөлек файлда);
• сыртқы бетінде ұйымдастырушы жөніндегі нұсқаулық көрсетілуі керек (жоғарғы екі жол), ғылыми-практикалық конференцияның толық атауы, тақырыбы, орындаушы туралы мәлімет (аты-жөні, тегі, әкесінің аты, оқу орны, қандай пән бойынша оқытатындығы,).
• ғылыми-практикалық конференция қойған міндеттердің теориялық деңгейде ашылуын және автордың дұрыс түсінікте болуын міндетті.

Жоғарыда көрсетілген талапқа сай материалдарыңызды мына поштаға жібересіздер    zhumabaeva.64@mail.ru

қатысу және жинақ топтамаға материал беру жарнасы 7000  теңге.

сырттай қатысу 5000 теңге.

сұрактар бойынша ұйымдастырушылар телефон номері:

Ақылжан 87078582070

Татьяна 87018563625

Данияр 87078709272.

 

Жинаққа материалдар берушілер өздерінің  ҚАЗПОШТА индексі мен толық мекен-жайын көрсету керек.

Жинақ  пен мақтау қағазы, диплом пошта арқылы сол мекен-жайға жіберіледі.

Ескерту:

1.1 Жоғарыда көрсетілген талапқа сай емес материалдар қабылданбайды және жинаққа жарияланбайды.

1.2 Конференцияға келіп, қатысатын ұстаздардың іс-сапар шығынына (жатын орын, келу, кету) жіберуші тарап жауапты.

 

Құрметпен ,

Орталык директоры                                                   Ақылжан Қарақойшим

 

Орындаушы :Жумабаева Т.М.

Бай.тел.:+7 747 869 23 96

e-mail; zhumabaeva.64@mail.ru

 

 

 

Педагогтар біліктілігін арттыру – уақыт талабы

Қоғам дамуында балабақша, мектеп, колледж және жоғары оқу маңызды рөл атқаратыны айтпаса да түсінікті. Осыған байланысты алдымызда педагогтардың кәсіби-тұлғалық келбетін толыққанды қа­лыптастырудың іргелі міндеттері тұр. Өйткені, бүгінгідей жаһандану үрдісінде ескі әдіс-тәсілдерді қол­дану тоқырауға ұрындырады, ал жаңашылдыққа ілесу өте қиын. Педагог курстық даярлықтан жоғары оқу орнын тәмамдаған соң үш-бес жылдан кейін ғана өтетінін ескерсек, проблемаларды кешенді түрде шешу арқылы ғана табанды нәтижелерге жете аларымыз анық. Осы тұрғыдан әңгіме қозғайтын болсақ, педагогтар қоғамда кәсіби құзыреттілігімен, азаматтық белсенділігімен, сая­си сауаттылығымен, көшбас­шы­лы­ғымен, «зияткерлік адал­ды­ғы­мен» ерекшеленуі тиіс. Бү­гінгі күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алға қойып отырған басты талабы осы. Биылғы оқу жылы ұстаздар қауымы үшін өзгеше леп-тыныспен басталды. Біріншіден, білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Екін­шіден, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары нақты талаптар қойып отыр. Үшіншіден, жалпы білім беру мектептеріне «Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері» дербес білім беру ұйым­дары тәжі­рибесін жүйелі-бейім­деп тарату және білім беру маз­мұнын жаңарту жағдайында жұмыс атқарудамыз. Білім жүйе­­сіндегі барлық жаңарудың тұ­жырымдамалық негізі – Қазақ­стан халқын біріктіретін жал­пыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы.

Сала жүйесі мазмұнының өзгеруі педагогтардың кәсіби-бағдарлық білімін арттыруға бағытталған. Осы­ған орай білік­тілікті арттыруда тікелей оқы­тудан жеке байланыс арқылы білім жүйесіне ауысу өз жемі­сін беретініне сенімдіміз. Педа­гогтардың кәсіби дағдысын да­мыту үшін филиал оқытушылары корпоративтік және ұжымдық оқыту, белгілі ортамен жағымды әрекеттестік, оқу әрекетін жеке құру мен өзіндік дамытуды үйрету, ментальды карт пен портфолио, тағы басқа технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл әдістемелер заманауи білім берудің сұраныстарына сай мұғалім мен оқушы тұлғасының эмоциялық көңіл-күйін, ойлау мен есте сақтауын өмірлік және әлеу­мет­тік дағдылармен біріктіруге зор мүм­кіндіктер береді. Мұндай ізденістер елімізде білім беру маз­­­мұнын жаңарту бойынша ен­гізіліп жатқан айлық курстарда жү­йелі қарастырылады. Жалпы білім беретін және коррекциялық мектептерден 75 педагог-психо­лог осындай даярлықтардан өтті. Тағы бір атап өтетін жайт, бі­лім беру мазмұнын жаңарту шең­бе­рінде ұйымдастырылатын дәс­түрлі 2 апталық курстар екі есе­ге ұзартылатын болады. Ол үшін «Назарбаев зияткерлік мек­те­бі» педагогикалық шеберлік орта­лы­ғында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы оқы­тушылары арасынан 264 тренер дайындалды, оның 13-і біздің филиалдан. Сонымен қатар, біздің бөлімшеге білім беру мазмұнын жаңарту бойынша биология, химия мұғалімдеріне арналған курс бағдарламасын әзірлеу сеніп тапсырылды.

Филиалда жобаларды көпшілік алдында қорғау тәжірибесі де жиі қолданылады. Мұның өзі тың­даушылардың инновациялық-зерт­теушілік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Осы мақсатпен Ре­сейдің Санкт-Петербург қала­сындағы пе­дагогикалық білім беру академиясымен, Мәскеу ашық білім беру институтымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі таңда 50 мұғалім «Назар­баев зияткерлік мектебі» педа­го­гикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бі­лім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарламалар бойынша курстық даярлықтан өту­де. Аталмыш курстың бас­ты өзге­шелігі – мұғалімдерді оқы­ту нәтижесі бойынша ал­ғаш рет тәу­елсіз сараптама ен­гізілуінде. Бұл курстарды облыстан 1485 мұғалім бітірді. Оларға оқыту үдерісіне жаңа әдістер мен технологияларды енгізу, оқушыларға сапалы білім беру сияқты талаптар жүктеліп отыр. Қазақстан Республикасы бі­лім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасының PISA халықаралық салыстырмалы зерт­теуінде оқушылардың жоғары нә­тижеге қол жеткізу бойынша көр­сеткіштерді орындау үшін 832 сол­түстікқазақстандық мұғалім өз біліктіліктерін жетілдірді. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 1125 педагог кәсіби шеберлігін арттырса, жыл соңына дейін тағы 525 ұстаз осындай даярлықтан өтеді. Бюджеттік курстармен қатар филиал шарт негізінде де жұмыс істейді. Есіл, Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Уәлиханов, Мам­лют, Тайынша, Мағ­жан Жұ­мабаев және Ғабит Мү­сірепов атындағы аудандарда көш­пелі курстар ұйымдастырылып, 539 мұғалім қамтылды. Тағы бір жаңа­шылдығымыз – білім беру ұй­ым­дарының педагогикалық ұжы­­­мына корпоративтік курстар өт­кізу. Аталмыш курстар Мағжан Жұ­мабаев ауданының Возвышенка, Есіл ауданының Ильинка, Петро­павл қаласының №2, №4 орта мек­тептерінде, медициналық колледжде, Мамлют санаторий мектеп-интернатында ұйымдастырылды.

Ұлт жоспарының 89-қадамына сәйкес қазіргі уақытта «2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы» жобасы қарастырылуда. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және адами капиталды дамыту үшін Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде үштілділікті оқытуды кезең-кезеңмен енгізу қамтамасыз етіледі. Ол бойынша жоғары сыныптарда жара­тылыс­тану-математикалық ба­ғыттағы (физика, биология, химия, ақпараттық-коммуникативтік технология) пән­­дерді ағылшын тілінде оқыту мақ­саты тұр.

Облыстық педагогикалық қыз­меткерлердің біліктілігін арттыру институты еліміздегі 17 фи­лиалдың арасында тоқсан сайын өткізілетін рейтинг нәтижесі бойынша 2014 жылдың соңғы тоқсанында – 2-ші, биыл бірінші жартыжылдықта 1-ші орынды жеңіп алуы жұмысымыздың жемісін көрсетсе керек.

Ұлы ойшыл Конфуцийдің: «Ес­кіден қол үзбей-ақ жаңалықты аша білген ғана жақсы мұғалім болады», деген сөзі бүгінгі білік­тілікті арттыру жүйесіне сай келеді. Заманға сай біліктілікті арттыру мақсатында білім беруді жаңарту үдерісін үзілді-кесілді нұсқаулыққа және жалаң ұранға айналдырмай, қарқынды және қызықты, мазмұнды жұмыспен толықтыру маңызды.

Алма МЫРЗАЛИНОВА,

Солтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

 ПЕТРОПАВЛ.

Дереккөз: «Егемен Қазақстан» газеті